Екібастұзда 25 балалар алаңы салынуда (ВИДЕО)

Оның үшеуі демеушілік қаражат есебінен жөнделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
- Облыс әкімінің қолдауымен биыл қалада 25 балалар алаңын жабдықтап жатырмыз. Оның 3-еуі демеушілік қаражат есебінен, 2-еуі "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жөнделуде. Соңғысының сапасымен таныстым. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 61 "А" мекенжайындағы алаңда жүргізілген жұмыстар аяқталу сатысында, - деп жазды шаһар басшысы.
Аян Бейсекин балалар алаңының шағын пішіндер мен қоршауларының сапасына ерекше назар аударып, жүргізілген жұмыстардың сапалы әрі адал орындалғанын айтты.
Ал балалар алаңымен қамтылғар ауланың бірі - Әлия Молдағұлова көшесі, 61 "А" үйінің тұрғындары. Мұнда жұмыстар толықтай аяқталған. Алайда мердігерге орындауы керек шағын ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
- Мен тұрғындармен сөйлестім, олардың тілектерін ескереміз. Әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды асфальттау жұмыстарын тексердік. Сапасы көңіл көншітпеді. Олқылытқы орнын жоюғ үшін мердігерге бір апта уақыт берілді, - деп толықтырды ол.
Кеншілер шаһарының басшысы жауапты мемлекеттік мекемелерге іске асырылып жатқан жобалар бойынша сапалы бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram