Екібастұзда «Богатырь-Көмір» ЖШС-де ақша ұрлаған қылмыскерлер сотталды
Олар екі жыл жүйелі түрде тозған қосалқы бөлшектерді жаңа зат ретінде жеткізген, деп хабарлайды @Pavldarnews.kz.
Өңірде мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарда ұрлық жасау фактілері үш есе өсті. 2023 жылы Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің іс жүргізуінде 15 тергеу болса, биыл 32 тергеу тіркелді. Былтыр да, биыл да сотқа жіберлген істердің саны бірдей – 12.
– Департамент 2020-2022 жылдар аралығында жүйелі негізде жұмыс істеген «Богатырь-Көмір» ЖШС-нің ақша қаражатын ұрлау схемасын тоқтатты. Тұлғалар айтарлықтай тозуы бар, бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жаңа зат ретінде жеткізген. Залал 120 миллион теңгені құрады, оның 45,7 миллион теңгесі мемлекетке қайтарылды, – деді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті екінші жедел басқармасы басшысының орынбасары Николай Пахомов.
Оның сөзінше, кейіннен қылмысқа қатысушылардың бірі ұрлаған ақша қаражатын депозитке салу арқылы ақшаны заңдастырды. Екібастұз қалалық сотының үкімімен қатысы бар адамдарға алты жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды.