Екібастұзда ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Екібастұзда ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Материалдар тиісті органдарға жолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департамені баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 50 сауда үйі мен ет өнімдерін сататын 10-нан астам мал сою орнын тексерді. Бұдан басқа, полиция мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу орындарын аралады, мал ұрлығының алдын алу бойынша халықпен әңгімелер өткізіледі. 

Автокөліктерді тексеру кезінде ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың екі фактісі анықталды. «Daimer Benz» маркалы автокөліктің жүргізушісі тиісті құжаттарсыз 20 бас ірі қара мал тасымалдаған. Мал мен ет өнімдерін полицияның тиісті құжаттарынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін материалдар жауапқа тарту мақсатында ветеринарлық органдарға жіберілді, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Кәрімжанов.

Айта кетейік, 2024 жылы Екібастұз полицейлері мыңнан астам иесіз малды айып тұрағына қамады. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзған 202 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 18-20 қараша аралығында өңірде мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған «Мал ұрлаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.