Павлодар облысының үздік мұғалімдері үш миллион теңгеден алды
Педагогтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдің 71 мұғалімі өзінің кәсіби мерекесінде марапаттарға ие болды. Олардың 11-і үздік деп танылды, еңбегі үшін облыс әкімі оларға 3,6 миллион теңге сыйға тартты.
Сондай-ақ, ұстаздарға «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» және «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды. ҚР Білім Министрінің атынан ерекше көзге түскен мұғалімдер «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атақтарының иегерлері атанды.
Ұстаздар күні «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2024» және «Жыл мұғалімі – 2024» облыстық байқауларының қорытындысы да белгілі болды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның ең үздік педагогы анықталды.
– Мен өте қатты толқып тұрмын. Бірінші рет номинацияға ұсынылып, осындай жүлделі орынға ие болдым. Мен үшін, мен жұмыс істейтін балабақша үшін бұл – мақтаныш, – дейді «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауының республикалық кезеңінің жүлдегері Елена Кулага.
Өңір басшысы облыс әкімдігінің 20 мыңнан астам педагог жұмыс істейтін білім беру саласына қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Соңғы екі жылда облыстың 76 мектебінде 82 пәндік кабинет жаңартылды, 4 мектеп пен қосымша білім беру орталығы ашылды, 66 білім беру нысаны жөнделді.
2023-2024 оқу жылында 30 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.
Бұған дейін Павлодар облысының әкімі мұғалімдерге арналған құттықтауын жариялаған болатын. Ол жергілікті педагогтар республика бойынша үздіктердің қатарына кіретінін еске салды. Асайын Байханов оқытушыларға еңбегі, даналығы мен балаларға деген сүйіспеншілігі үшін алғысын білдіріп, табысты оқу жылын тіледі.