Екібастұзда кәсіпкердің құқықтарын аяқ асты еткен медициналық ұйым жазаланды

Екібастұзда кәсіпкердің құқықтарын аяқ асты еткен медициналық ұйым жазаланды
Фото: Константин Шелков

Кеншілер шаһарындағы аурухана қызметкері сөгіс алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкер шағымданған.

- Мемлекеттік сатыпалу шеңберінде орындалған міндеттемелер бойынша "Екібастұз қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК ақшалай қаражатын төлемеуге қатысты жеке кәсіпкер жүгінді. 23 тамыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның араласуынан кейін аталған медициналық ұйым өзінің қателігін мойындап, кәсіпкерге 349 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат төледі, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде "Екібастұз қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК экономисі сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетелік, егер кәсіпкер сыбайлас жемқорлық көріністерімен, әкімшілік кедергілерге тап болса , ол өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 37-85-86 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласа алады.