Екібастұзда кәсіпкерлерден заңсыз салық жиналған
Оларға 4,4 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізді.
Ұлттық экономика министрлігі қабылдаған ережеге сәйкес, сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпкерлік субъектісі мүлік салығын төлеуден босатылуы тиіс. Бірақ соған қарамастан экономика және қаржы бөлімі келісімшарт жасасқанда бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге міндеттеді.
– Қадағалау актісі бойынша алты кәсіпкер осындай міндеттемеден босатылып, 4,4 миллион теңге сомасында төлем қайтарылды, – деді ведомствода.
Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды.