Павлодарлықтарға кальян шегудің кесірі ескертіледі
Кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz порталының мәліметінше, ел бойынша полицейлер «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізген.
– Ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталып, 25 миллион теңге айыппұл салынған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі кальян шегу фактілерін болдырмау тұрғысында дәмхана иелерінің өз мекемелерінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтап жатыр.