Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған төрт мыңнан астам жүргізуші жазаланды
Құқық бұзушылар бес АЕК мөлшерінде айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаметі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 4290 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Барлық бұзушыларға 5 АЕК теңге көлемінде айыппұл салынды. Бір жыл ішінде қайтадан бұзылған жағдайда айыппұл санкциялары екі есеге артады, – деп атап өтті ведомствода.
Жүргізушілер полицейлерге қауіпсіздік белбеуі олардың қозғалысын шектеп, музыканы қоюға кедергі келтіретінін, белбеуден тұншыға бастайтынын, жай ұмытып кететінін сылтауратып айтады. Өкінішке орай, іс жүзінде апаттардан зардап шеккен адамдар бұл ережені елемей, ауыр жарақат алған жағдайлар аз емес.