Екібастұзда тиісті рұқсатсыз газет тасыған курьерге айыппұл салынды

Екібастұзда тиісті рұқсатсыз газет тасыған курьерге айыппұл салынды
Фото: smartik.ru

Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары шетелдіктің Қазақстан Республикасы Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу фактісін анықтады.

– Тәжікстан Республикасының 51 жастағы азаматы газеттерді курьер ретінде тасып, еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған. Полицейлер шетелдіктің заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырып, шешім қабылдау үшін сотқа жолдады,  – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы  көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Руслан Оразханов. 

Аталған бұзушылық үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарып жіберу көзделген.