Павлодарда бір жасар бала терезеден құлап түсті

Оның өміріне қауіп жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның мәліметінше, қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.
– Сәбидің жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Негізгі шағым – жарақаттар мен көгерулерге байланысты ауырсыну синдромы. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, – деді ол.
13 сәуір мен 12 маусым аралығында Павлодар облысында 7 сәби терезеден құлап кеткен, олардың екеуі көз жұмған.