Екібастұзда ЖЭО жөндеу жұмыстары аяқталды
Бес қазандықтың үшеуі қаланы жылумен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС мәлімдеуінше, биыл Екібастұз ЖЭО басшылығы акционерлердің қаражаты есебінен бес энергетикалық қазандық агрегатын жөндеуде. Мұнда №5 және №9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұргізілсе, №6, 7, 8 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда төрт қазандықта жұмыстар аяқталды. Олардың үшеуі қазіргі уақытта қаланы жылумен қамтамасыз етуде. Бір қазандықтың қондырғысында іске қосу және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Компанияның есебінен станциядағы ең үлкен №3 түтін құбыры жөнделді. Басшылық газ құбырларын күрделі жөндеуден өткізіп, ішінара қалпына келтірді. Ал су жылыту қазандығы ғимаратының шатырын қайта жаңарту, қазандық турбиналық цехтың жылу тізбегін қалпына келтіру жұмыстары аяқтау сатысында.
- Акционерлердің қаражаты есебінен №2 түтін құбыры жөнделеді. Бұдан бөлек, Екібастұз ЖЭО-да станция аумағында асфальт қалпына келтірілді. Әкімшілік корпус ғимаратының қасбеті жаңартылды, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Екібастұздың барлық жылу желілері мен су жылыту қазандығының жабдықтары, оның ішінде бес су жылыту қазандығының агрегаттары мемлекет меншігіне берілген.