Екібастұзда жеңіл көлік иесі жас қызды қағып кетті

Екібастұзда жеңіл көлік иесі жас қызды қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жазатайым оқиғаның кадрымен «Instagram» әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:40 шамасында «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесі, 8/1-үйдің ауласында жолды өтіп бара жатқан 20 жастағы қызды қағып кетті.

Зардап шегуші алған жарақаттарымен жедел жәрдем машинасы арқылы қалалық ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды, – дейді жедел жәрдем станциясында.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп, сараптамалар тағайындауда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kristina Asmus (@asmuschristina89)