Екібастұзда жылу коллекторында әйел адамның денесі табылды
М.Жүсіп - Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығы жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 18 желтоқсанда түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның денесі табылды. Аталған фактіні 112 қызметкері растады, мүрде жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды.
Екібастұз қалалық полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.