Екібастұзда жол апатынан жаяу жүргінші зардап шекті

Екібастұзда жол апатынан жаяу жүргінші зардап шекті
Фото Константин Шелков

Оқыс оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесіндегі үйге қарама-қарсы жолда Toyota Hilux Surf автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалады, - делінген хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.