Павлодарда қысқы спорттық бағдарлаудан жарыстар өтті

Павлодарда қысқы спорттық бағдарлаудан жарыстар өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың әр аудан мен қаланың спортшылары бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

10-11 ақпанда Усолка шағын ауданында «Ертіс» шаңғы базасында II облыстық кешенді гимназиадасының бағдарламасына сәйкес қысқы спорттық бағдарлау бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Төрешілер құрамына экология және туризм орталығының педагогтары және балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Вертикаль» клубының аға тәрбиеленушілері кірді.

Жарысқа Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және 10 ауданнан келген спортшылар қатысты. Бағыт қоюшылар спортшыларға белгіленген екі қызықты қашықтық дайындады. Павлодар қаласы атынан шыққан команда құрамына экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Артем Бриж, Егор Лоскутников, Роман Воркунов, Лучезара Кузина, Ксения Перекопская және Русалина Керимова кірді. 

Жарыс нәтижелері бойынша қалалар арасында ең көп ұпай павлодарлық команда жинады, одан кейін Ақсу қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия командасы, ал екібастұздық команда нәтижелер кестесінде үшінші орынға ие болды. Аудандар арасындағы жалпы командалық есепте 1-орынды Успен ауданының командасы иеленсе, 2-орын Павлодар ауданының Розовка ауылы, ал нәтижелік кестеде үшінші болып Ертіс ауданының спортшылары келді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене шынықтырудың аймақтық-тәжірибелік орталығының грамоталары мен медальдарымен марапатталды.