Павлодар облысында барлық жолдар жабылды

Павлодар облысында барлық жолдар жабылды
Фото: Константин Шелков

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық бағыттағы автомобиль жолдарында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін көліктер үшін қозғалыс жабылды