Павлодарлық студенттер гастрономиялық өнердің нағыз жауһарларын дайындады

Олар VI Халықаралық Astaufest 2025 фестивалінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Халықаралық аспаздар күніне орай ұйымдастырылған VI Халықаралық гастрономиялық фестиваль Франция, Үндістан, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Якутия, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге де елдерден келген қатысушыларды бір шаңырақ астына жинады. Аспаздар гастрономиялық шедеврлерін ұсынып, түрлі номинацияларда бақ сынасты.
Ірі фестивальде Павлодар технологиялық колледжінің студенттері Илья Яковлев бірінші орынға иеленіп «2025 жылдың бас аспазы» атанса, Мейрам Асылжан екінші орынды жеңіп, оған «2025 жылдың наубайшысы» атағы берілді.
Байқау жұмыстарын кәсіби топ бағалады. Олардың қатарында Michelin жүлдесінің иегерлері, WSK халықаралық сарапшылары, шет елдердің гастрономиялық қауымдастықтың өкілдері бар.
Павлодарлық студент Илья Яковлев Франция елінен шыққан Chips de poisson тіскебасарын және Joues de cheval ыстық тағамын дайындады. Ал Мейрам Асылжан мен француз және неміс тағамдарынан кондитерлік өнімдер Brioche тоқашы мен Laugenstangen тұзды салмасы бар брезель әзірледі.