14 сәуірде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, 23 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, облыста түнде температура +5...+10°C, күндіз +10...+15°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр мен бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста тұман, жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодарда түнде +4...+6°C, күндіз +11...+13°C жылы болады. Күн бұлттанып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.