«Екібастұз» жаңа маусымға қадам басты
Кеншілер Қазақстан Кубогінің топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Виталий Спарышев шәкірттері «Тараз» бен «Түрікстанмен» бірге «С» тобына түсті. Бірінші матчта Павлодар облысының өкілдері топ фавориті – «Таразбен» күш сынасты.
Ойын бірдей деңгейде өтті. Қарсыластар әрбір таймда бір-бірінің қақпаларын дәл көздеді. «Екібастұз» сапында жас Әлхам Нұрлан гол соқты: ол қарсылас қақпашысының қателігін пайдаланып, иесіз қалған допты қақпаға дарытты. Өкінішке орай, кеншілер тең есепті ұстай алмады. Матчтың соңына қарай «Тараз» капитаны Ерасыл Кеулімжан алыстан дәл соққы орындап жеңісті жұлып алды. Нәтижесінде «Еікбастұз» 2:1 есебімен ұтылды.
Виталий Спарышев командасы Кубок аясында тағы бір кездесу өткізеді. 15 наурызда команда «Түркістанмен» ойнайды.
13 наурызда Павлодар облысының тағы бір командасы – «Ақсу» Кубок үшін тартысқа түседі. Шымкенте Ойрат Сәдуов шәкірттері «Жетісаймен» ойнайды. Басталуы 16.00 сағатта, барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін QFL.KZ сайтынан көруге боалды.