Елімізде бес жаңа кәсіби мереке аталып өтеді

Елімізде бес жаңа кәсіби мереке аталып өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Атаулы күндердің тізімі жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен тиісті бұйрық ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің электрондық порталында жарияланды.

Жаңа құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер қатары тағы бес атаулы күнмен толықты:

• 7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні;

• 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;

• 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні;

• 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні;

• 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні.

Жаңартылған тізім бойынша елімізде барлығы 74 кәсіби мереке ресми түрде белгіленген.