Елімізде ең арзан сары май Павлодар облысында сатылады

Елімізде ең арзан сары май Павлодар облысында сатылады
Фото: https://pixabay.com/jackmac34 jackmac34

Сары май бағасы 11% өсті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 12,5 мың тонна сары май өндірілді. Бұл  –  өткен жылдың қаңтар-мамырына қарағанда 4,7% - ға артық.  

– Еліміздің ірі қалаларының ішінде майдың ең жоғары бағасы Ақтауда (кг үшін – 5,7 мың теңге), Астанада (кг үшін – 5,1 мың теңге) және Орал қаласында (кг үшін – 5 мың теңге) тіркелген. Ең төмен бағалар Шымкентте (кг үшін – 3,2 мың теңге), Павлодарда (кг үшін – 3,4 мың теңге) және Қостанайда (кг үшін 3,6 мың теңге) байқалды, – деп жазылған хабарламада.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде майдың ең қымбат бағасы Ақтауда (кг үшін – 5,7 мың теңге), Астанада (кг үшін – 5,1 мың теңге) және Орал қаласында (кг үшін – 5 мың теңге) тіркелген. Ең төмен бағалар Шымкентте (кг үшін – 3,2 мың теңге), Павлодарда (кг үшін – 3,4 мың теңге) және Қостанайда (кг үшін – 3,6 мың теңге) байқалды.

Ай сайынғы динамикада май бағасы Солтүстік Қазақстан (1,7%-ға), Жетісу (0,9%-ға), Алматы және Қарағанды (өңірлердің әрқайсысында 0,6%-ға), Маңғыстау (0,3%-ға) және Қостанай (0,1%-ға) облыстарында өсті.