Ертіс ауданында Иса Байзақовтың 125 жылдығы мерекеленеді

Барлық іс-шараларды дайындау және өткізуді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса Байзақов(1900-1940) Павлодар облысының Ертіс ауданында туған. Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Жастайынан суырып салма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түскен.Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халық арасына кеңінен таралды.
Облыс әкімінің орынбасарлары Айгүл Мәлікова мен Серік Батырғожинов жұмыс сапары барысында мемлекеттік органдардың басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен жұмыс кеңесін өткізді.
– Көрнекті ақын-импровизатор Иса Байзақовтың 125 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мәселелері талқыланды, – деп жазды облыс әкімінің бірінші орынбасары Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, олар Ертіс ауылында бассейн құрылысымен танысып, орталық қазандықтарды аралады. Жұмыс кеңесінде қазандықтардың ағымдағы жағдайы, жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды. Серік Батырғұжинов нысандардың қысқы кезеңге толық дайындығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.