«Ертіс орманы» резерватынан екі тонна қоқыс шығарылды
Қоқыстың басым бөлігі – пластикалық, қаңылтыр және шыны бөтелкелер мен стақандар, пакеттер, майлықтар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, табиғи резерваттың бас директоры Арман Досымханұлының бастамасымен Шалдай филиалы, Шалдай орманшылығының 97,98 телімдерінде сенбілік өтті. Оған табиғи резерват және Шалдай филиалы қызметкерлері белсене атсалысты.
Тазалық іс-шарасы кезінде екі тонна қоқыс шығарылды. Қоқыстың басым бөлігі – пластикалық, қаңылтыр және шыны бөтелкелер мен стақандар, пакеттер, майлықтар.
– Әрқайсымыз өзіміздің тұратын мекенді, табиғатымызды күтіп ұстап, қалдықтарды кез келген жерге тастамауға шақырамыз. Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ», демекші, табиғатты қастерлеу, қоршаған ортамызды таза ұстау әрбір адамның азаматтық борышы екенін естен шығармаған жөн! – дейді резерватта.
Еске сала кетейік, пластикалық пакеттің ыдырауы үшін кем дегенде 400 жыл қажет болса, шыны және қаңылтырға – 1000 жыл, пластикалық бөтелкелерге 500 жыл уақыт қажет.
Посмотреть эту публикацию в Instagram