«Ертіс орманында» табиғат қорғау акциясы басталды

«Ертіс орманында» табиғат қорғау акциясы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін резерват аумағында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған «Шырша» табиғат қорғау акциясы өтеді. Бұл іс-шара Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ағаштарды заңсыз кесудің алдын алуға бағытталған.

– Акция аясында резерват аумағында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, негізгі жолдарда тәулік бойы күзет жүргізілетін арнайы бекеттер орнатылады, – делінген хабарламада.

Табиғатты қорғаушылар барша тұрғындарды заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырады. Егер сіз заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, дереу хабарлау сұралады. Хабарлама үшін 8 (7182) 78-77-32 және 102 нөмірлері жұмыс істейді.