Ертіс және Успен аудандарында заңсыз балық аулағандар ұсталды

«Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара браконьерлік фактілердің, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған.
– Азаматтар заңсыз аң аулау және заңсыз ағаш кесу ережелерін бұзды, олардан құқық бұзушылық жасау құралдары тәркіленді. Құқық бұзушылардың автокөлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды, – деді департаментте.
Ертіс ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасында ауыл тұрғыны тыйым салатын құралмен, атап айтқанда, Қытай өндірісінің моно ауымен балық аулаған. Тәртіп сақшылары моно ау мен құралды тәркіледі.
Успен ауданының Лозовое ауылының тұрғыны көлдің су қоймасында алкоголь ішіп, балық аулау ережелерін бұзған. Ауыл тұрғындары балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Сот шешімімен әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетерлігі, балық аулау ережелерін бұзу 10-нан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соқтыралды. Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса, 20-дан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.