Ертең Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Ертең Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Онда жылқы етінің бір келісі 2300-2500 теңгеден сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы ауылшаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңке Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылады.

- Жәрмеңкеге Тереңкөл, Павлодар, Аққулы және Павлодар қалалары сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады. Шикі сүт "Галицкое" ЖШС, "Карандашов" ЖК, "Агро-Даму" ЖШС сүт тасымалдаушыларынан қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада.

Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары "Павлодар-Құс" ЖШС, "Шарбақты-Құс" ЖШС қамтамасыз етеді. Мұнда 36 мың дана жұмыртқа жеткізілмек .

Ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы:

Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг

(қазы -2500 теңге/кг, жайа - 2500 теңге/кг, төс еті -2300 теңге/кг, антрекот - 2300 теңге/кг),

Сиыр еті -1900-2100 теңге/кг

жұмсақ еті – 2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырғалар - 1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг),

Қой еті-1900-2100 теңге/кг

(алдыңғы бөлігі - 1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг),

шикі сүт - литріне 190 теңге,

1 санаттағы жұмыртқаның ондығы - 410-450 теңге,

бал 2000 теңге/кг,

тазартылмаған күнбағыс майы -700-780 теңге/л,

жоғары сұрыпты ұн -200 теңге/кг,

картоп, сәбіз-95 теңге / кг,

қырыққабат - 120 теңге/кг.​

Айта кетелік, ауылшаруашылық жәрмеңкесі 11 наурыз күні Торговая көшесі, 2А Jailau (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы)  базарында өтеді.