Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қараша күні «Атамекен–Курчатов» автожолында, Айнакөл ауылының маңында «Шкода Рапид» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Ауди-А6» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады.