Ертең Павлодарда Успен өткеліне дейінгі жол бөлігі жабылады

Ертең Павлодарда Успен өткеліне дейінгі жол  бөлігі жабылады

Мұнда Жібек жолы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді

- Ломов көшесінен қалалық үйіндіге бұрылысқа дейінгі Жібек жолы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 27 тамызда С.Щедрин көшесінен Успен өткеліне дейінгі жол учаскесі жабылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айналма жол Шарбақты жол өткелі арқылы ұйымдастырылады.