«Ertis» БК маусымды аяқтады

Павлодарлық баскетболшылар Ұлттық лигада соңғы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ertis» ерлер командасы бір күн бұрын соңғы кездесуін өткізді. Финалдық ойын Астанада жергілікті аттас командаға қарсы өтті. Өкінішке қарай, жігіттеріміз 82:68 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы кездесуде павлодарлықтар астаналық баскетболшыларды өз алаңында жеңген. Бірінші ширекте 18:10 есебімен жеңілген павлодарлық команда келесі кезеңдерде де матчтың бағытын өзгерте алды. Назим Адылбеков 28 ұпай жинап, «Ertis» командасының үздіктері атанды. Осылайша, павлодарлықтар чемпионатты сегіздіктің арасынан жетінші орынмен аяқтады. Павлодарлықтардан кейінгі төменгі сатыда чемпионаттан шығып қалған «Ақтөбе» ғана тұр.
Әйелдер командасы да чемпионатты сәтсіз аяқтады. Павлодарлық команда соңғы екі ойынын Түркістанда «Тұранға» қарсы өткізді. Алғашқы ойында оңтүстіктің қыздары біздің команданы 75:48 есебімен ұтса, екінші кездесуде павлодарлықтар Қазақстанның рухани астанасында қызу тартысқа толы матч өткізді.
Ксения Абдурашитова 17 ұпай, Рауан Атамбекова 15 ұпай, команданың үздік мергені Ділназ Еркебай 12 ұпай жинады. Бірақ бұл соңғы жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Нәтижесінде жеңіліс, есеп 61:57.