Павлодарлықтарды дойбы жарысына шақырады

Павлодарлықтарды дойбы жарысына шақырады
Фото: pexels.com

Спорттық шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, «64» дойбы бойынша ерлер, әйелдер және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жарыс өтеді. 

– Жарысты өткізу жүйесін төрешілер алқасы қатысушылар санына қарай айқындайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықаралық ережелерге сәйкес жинаған ұпайларының ең көп саны бойынша анықталады, – деді спорт бөлімінде. 

Турнир екі күн ұйымдастырылады. Спорттық іс-шара 9 желтоқсанда сағат 10:00-де «Шахмат үйінде» бастау алады. Қатысамын деушілер 8(705)311-24-63, 8(707)608-33-91 нөмірі арқылы хабарласып, алдын ала тіркелу керек.