Павлодар облысының бас сахнасында дрон-шоумен ерекше концерт өтеді
Көрермендер танымал өнерпаздардың жанды дауыстағы әндерін тыңдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 тамыз күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған үлкен музыкалық кеш ұйымдастырылады.
Кештің хедлайнерлері – Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаева, Raim және Sadraddin. Өнерпаздар көрерменге танымал әндерін орындап, ерекше атмосфера сыйлайды.
Концерттің басты ерекшелігі – музыкалық бағдарламадан бөлек, аспанда өтетін жарқын дрон-шоу болмақ. Заманауи технология мен әуезді ән үйлесіп, көрермендерге әсерлі кеш сыйлайды.
Павлодарлықтарды жақындарымен бірге келіп, жаздың соңғы күндерін әсем әуен мен жарқын әсерге толы ерекше кеште өткізуге шақырамыз.