Ertis Promenade: Павлодарлықтардың жазы осы кештен басталады
23 мамыр күні Ертіс жағасындағы басты сахнада жазғы маусымның салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлықтар үшін биылғы жаз еркше бастау алмақ. Мерекелік көңіл күй мен ерекше әсер сыйлайтын бұл күнді өңір тұрғындары асыға күтуде.
- Бұл кеште мерекелік көңіл күйге бөленіп, сүйікті әндеріңізді тыңдай аласыздар. Сіздер үшін қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының тамаша ән кеші ұйымдастырылады, - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кештің хедлайнерлері отандық эстрада жұлдыздары Балжан Бидаш, Bayansulu, Truwer және Omerta,Baqzhvn. Сонымен қатар, арнайы қонақтар – Burito менNANA.
Кештің ең шарықтау шегі отшашу болмақ.
Айта кетелік, Ertis Promenade-тің ашылуы 23 мамыр күні сағат 19:00-де болады. Әдемі кештің әсерлі сәтінде павлодарлықтармен бірге болыңыздар!