«Еrtis» волейболшылары Құрылтайға белсенді келді

«Еrtis» волейболшылары Құрылтайға белсенді келді
Фото: Константин Шелков

Спортшылар толық команда болып қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Волейболмен 2011 жылдан бері айналысамын, кәсіби деңгейде 15 жылға жуық ойнап келемін, – деді  Джамиля Дәулетхан. – Алаңда қалай бірге болсақ, сайлау учаскесіне де бірге келдік. Қазақстанымыздың жарқын болашағына өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Волейбол алаңында спортшылар соққан доптары үшін көрермендердің қошеметіне бөленсе, Павлодардағы №15 сайлау учаскесінде Тентікбаевтар отбасы көпшіліктің ықыласына ие болды.

Бұрын хирург болып қызмет еткен Мұса Тентікбаев 88 жаста, ал жұбайы Бақтыгүл 85 жаста. Ерлі-зайыптылардың бірге отасқандарына 63 жыл болған. Жасына қарамастан, олар азаматтық борышын өтеу үшін сайлау учаскесіне өздері келді. Ерлі-зайыптылар мерекелік көңіл-күймен сәнді киінген.

– Жасымның ұлғайғанына қарамастан, өмірдің жақсы болғанын қалаймын. Балаларымның, немерелерімнің, шөберелерімнің болашағы үшін дауыс беруге келемін, – деді Бақтыгүл.

Осылайша, бір сайлау учаскесінде әртүрлі буын өкілдері бас қосты. Оларды біріктірген ортақ мақсат – елдің болашағына өз үлесін қосу.

Бірі үшін бұл – Қазақстанның ертеңі қандай болатынына ықпал ету мүмкіндігі болса, енді бірі үшін – ұрпақтарының болашағы бұдан да жақсы қалғанын қалайды.