«Ертіс орманы» резерватында 17 аумақта өрт оқшауланды (ВИДЕО)

«Ертіс орманы» резерватында 17 аумақта өрт оқшауланды (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елді мекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының мәліметінше, 12 шілдеде резерват аумағында найзағай разрядынан 17 орман өрті тіркелді.

– Резерваттың орман күзеті мен ТЖД күштерінің жедел іс-қимылдары мен дер кезінде қабылданған шараларының нәтижесінде шағын аумақтардағы өрттер оқшауланды. Қазіргі уақытта 11 өрт оқиғасы жойылды, қалған өрттер бойынша өртті сөндіру және су құю жұмыстары жүргізілуде, – деді резерватта.

Өртті сөндіруге барлығы 300-ге жуық адам мен 80-нен астам техника, «Қазәуеорманқорғау» Павлодар авиация басқармасының МИ-2 тікұшағы, аудандардың өрт сөндіру бөлімшелері мен Павлодар облысының төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, күннің аптап ыстығына байланысты аймақта өрт қаупі жоғары. ТЖ департаментінің күштері мен құралдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Шарбақты ауданының Сейтенов орманшылығында өрт оқшауланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ргу Глпр Ертіс Орманы (@ertisormany_2003)