«Ертіс орманында» жабайы жануарларға арнайы азық орындарын дайындау жалғасуда
Қалың қардың кесірінен олар өздігінен қорек іздей алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының орманшылықтарында жабайы жануарлардың азықтандыру мәселесі басты назарда.
– Ызғарлы және қарлы қыс, қатты жамылғы және көктайғақ тұяқты жабайы жануарлардың, әсіресе жас жануарлардың өміріне қатты әсер етеді. Қалың қар оларға тамақ іздеп алысқа баруға мүмкіндік бермейді,– деді резерватта.
Ашық алаңдарда қайың және басқа да тұқымдардан азықтық сыпырғыштар дайындалып, ілінеді.
– Әдетте, аңшылықтанушылар тамақтандыру орындарын аптасына бір рет тексереді және қажет болған жағдайда жаңа азық қалдырады. Елік және басқа да ұзын аяқты жануарлар үшін азық жоғары қалдырылады, қояндар мен құстар үшін жерге шашылады,– деді орманшылар.
Айта кетейік, табиғи резерваттың бағыттарының бірі-жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңына сәйкес табиғи резерват аумағында аң аулауға тыйым салынады. Жануарлар дүниесін қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады