Ертіс жағасында суға кеткен ер адам құтқарылды

Ертіс жағасында суға кеткен ер адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған сол жерде жүрек-өкпе реанимациясы жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға 6 маусым күні Подстепное ауылындағы Ертіс өзенінің жағасында болған. Өзенге батып кете жаздаған ер адамға көмек қажет екені туралы хабарлама 103 қызметінің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 19:00 шамасында түсті. Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері 1961 жылы туған адамды судан куәгерлердің шығарып алғанын анықтады. Сондай-ақ олар зардап шегушіге дер кезінде жүрек-өкпе реанимациясын жасап, оның өмірін сақтап қалды.

- Науқастың есі кірген, алайда қатты қорқып қалған. Ол тұрақты жағдайда облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамға көмекке келген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл жағдай судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың, әсіресе, шомылу маусымында, қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет еске салады. Мас күйінде ашық су айдындарына түсуге қатаң тыйым салынады, өйткені алкоголь өзін-өзі сақтау инстинктін әлсіретіп, қимыл-қозғалыс үйлесімін бұзады және көбіне аяқ-қолдың тартылуына әкеледі, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая. 

Ақ желеңді демалу үшін құтқарушылар кезекшілік ететін рұқсат етілген жағажайларды ғана таңдаған жөн екенін атап өтті.