10 сәуірде Павлодарда жылу желілерін сынау басталады

10 сәуірде Павлодарда жылу желілерін сынау басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жылу желісінің ең әлсіз жерлерін анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізу және желілерді қыс мезгіліне дайындау үшін қажет, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жылу желілерін жөндеу алдында беріктік пен тығыздыққа сынау 10 сәуірде жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталады. 

Жазғы кезеңде жылу желілерін сапалы дайындау алдағы жылыту кезеңінің тұрақты және апатсыз өтуін қамтамасыз етеді.

Биыл жылу желісіне жүктеменің екі түрі – температуралық және гидравликалық жүктемелер жоспарланған. Гидравликалық сынақтар жыл сайын, температуралық сынақтар екі жылда бір рет өткізіледі. Жылу желілерінде ақаулар анықталмаған тұрғын үйлерде сынақтар аяқталғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі.

– Өткен жылы ақауларды жоюға жылу желілерінің мамандарымен бірге қала әкімшілігінің мердігерлік ұйымдары да тартылды. Бұл жөндеу жүргізу мерзімдерін қысқартып, тұрғын үйлерге ыстық су беру мүмкіндігін берді. Аталған тәжірибе биыл да жалғасын табады,  – деп қорытындылады Павел Плетухов.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы жылыту маусымына дайындық –  жылу желілері мен тұрғын үй иелерінің бірлескен жұмысы. Жылу желілері кәсіпорны жылу желілерін жеке және көпқабатты әр үйдің баланстық шекарасына дейін дайындайды. Үйішілік жылыту жүйесіне техникалық қызмет көрсету – қызмет көрсетуші ұйым мен тұрғындардың жауапкершілігі.