«Family start-2025»: Май ауданындағы отбасылар сайысқа түсті

Отбасы мүшелері физикалық төзімділікті ғана емес, тапқырлықты да көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Май ауданында Халықаралық Отбасы күніне орай «Family start-2025» аудандық отбасылық эстафетасы өтті. Отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған бұл эстафетаға тоғыз отбасы қатысып, үш кезеңде өзара бақ сынасты.
– Жарыс тек спорттық шеберлікке ғана емес, отбасының бірлігі мен ой ұшқырлығына да негізделді. Логикалық тапсырмалар, белсенді ойындар мен командалық жарыстар шараны ерекше әсерлі етті, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, жарқын әсерлерге бөленді.
Іс-шараны Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, «Армандастар» жастар орталығы және мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.