«Ертіс» ФК ойыншылары алаңға күшіктермен шықты
Футболшылар «Жеңіс М» командасымен кездесу алдында «Право на счастье» әлеуметтік жобасына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оның мақсаты – Павлодардағы қаңғыбас жануарлардың проблемалары туралы көпшілікке жеткізу, сондай-ақ «Надежда» баспанасындағы күшіктерге иелерін табуға көмектесу. Елорда қонақтарымен ойын «Ертіс» шабуылынан басталды. Көп ұзамай «Жеңіс М» жас футболшылары жағдайды тұрақтандырып, таймның ортасына қарай қарсы шабуылды жиілетті.
«Ертіс» ойнның өз алаңында өтіп жатқанын пайдалана алмады. Бірінші тайм тең аяқталды. Екінші таймда алаң иелері жылдамдықты қосып, сәттілікке қол жеткізді. «Ертіс» ардагері Руслан Есімов гол соқты. Есепті теңестіру мақсатында астаналықтар бірнеше қауіпті сәттер жасады. Ойынның соңына қарай төреші пенальти тағайындады, бұл сәтті «Ертіс» ойдағыдай пайдалана білді.