Испанияда 117 жасқа келген кейуана ұзақ жасаудың сырымен бөлісті
Мария Браньяс Морера – әлемдегі ең қарт әйел деп саналады, деп хабарлайды Kazinform БЕЛТА сілтеме жасай отырып.
Мария 1907 жылы Американың Сан-Франциско қаласында испандық отбасында дүниеге келген. Guinness World Records мәліметінше, ол 8 жасқа толғанда ата-анасы тарихи отанына қайтамыз деп шешім қабылдаған.
Кейуананың жасы 117 асса да денсаулығында ешбір ақау жоқ. Тек құлағы нашарлау естиді әрі өздігінен қозғалу қиын. Тіпті ұзақ жасаудың сырын іздеп жүрген ғалымдар оның денсаулығына қызығушылық танытқан. Мария олар ұсынған арнайы зерттеуге қатысу жөніндегі ұсынысты қабыл алған.
Қарт әженің үйінде 90-нан асқан жақындары да бар екен. Оның ұзақ жасаудағы сыры тұқымындағы гендік ерекшелікке байланысты болуы да мүмкін деген болжам бар. Алайда, Марияның өзі бұлай ғасыр жасаудың құпиясы отбасындағы гармония, достармен жылы қарым-қатынас, табиғатқа жақындық, эмоциональды тұрақтылық және өмірге деген жақсы көзқарас деп сендіреді.