Кішкентай павлодарлықтар ірі машина жасау үрдісімен танысты
Павлодардағы ERG Service кәсіпорнына қызметкерлердің балалары келіп, ата-аналарының қайда еңбек ететінін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.


Қонақтарды тоқсары жилет пен сары каскаларға киіндіріп, қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы айтып, олар ересектердің қадағалауымен Павлодар машина жасау зауытының цехтарына қызықты саяхатқа шықты.



Балалар кран машинистері, электросварщик, фрезеровщик, токарь, вальцовщик, газорезчиктердің жұмысын бақылап, заманауи жабдықтарға ерекше назар аударды – лазерлік станоктағы жұмысшы мен термиялық кесу машинасы, сондай-ақ портал-сверлильді станокқа да қызығушылық танытты.



– Мұндай тақталар шамамен бір апта ішінде жасалады. Бұрын мұның бәрін кәдімгі радиалды-сверлильді станоктарда сегіз тоғыз ай бойы істейтін, — деп бөлісті ПМЗ-ның металл құрылымдары жинақтау цехының шебері Андрей Хамов. – Одан кейін тақтаны су немесе бу өткізетін түтіктермен жабдықтап, оларды глинозем өндірісі үшін пайдаланатын булану аппараттарына орнатады.


Сварщиктердің жұмысын көрсеткенде, балалар металл «парустарына» назар аударды.


– Бұл Ақсу ферроқорытпа зауытының электр пештерінің жылу экрандары, – деп түсіндірді экскурсовод. – Мұнда мыс шиналары орнатылған – кең жолақтар, олардың бойымен ток өтеді. Ток оларды қатты қызып кетіреді. Шина еріп кетпеуі үшін оған экран орнатылады. Көріп тұрсыздар, экран көп ұяшықтан тұрады. Солар арқылы су өткізіліп, экран шинады суытады.

Балалар бір кранды жасау үшін көп маман қажет деп ойлаған, бірақ қаншама маманның қатысатынын біліп, таңқалды.
– Көреміз, мұнда көптеген мамандар жұмыс істейді, – деп түсіндірді Андрей Хамов. – Біріншіден, бәрін жоспарлау керек – оны жоспарлаушы жасайды. Содан кейін жоспарлар жүйеге енгізіледі, одан кейін олар сатып алуға өтеді. Сатып алушылар, логистер, жүргізушілер, қоймашылар, жүк тасушылар қосылады – бұл тек басы. Содан соң металл учаскеге келеді, мұнда шебер мен жұмысшылардың бір тобы жұмыс істейді. Газрезчиктер, вальцовщиктер, термиялық және лазерлік кесуші операторлар, фрезеровщиктер, сварщиктер, бақылаушылар — әрқайсысының өз міндеті бар.


Құрылымдар жиналғаннан кейін бәрі тексеріліп, боялады да, басқа кәсіпорынға жөнелтіледі. Зауытта 650-ге жуық адам жұмыс істейді, ал ERG Service-те барлығы шамамен 6000 адам еңбек етеді.

Экскурсия соңында балаларға көргендері мен процесстері туралы викторина өткізілді.
Павлодар машина жасау зауытының литейно-механикалық цехында электросварщик болып жұмыс істейтін Анатолий Жигадло өзінің кішкентай қызы, сегіз жасар Вероникамен бірге экскурсияға келді.
– Қызыма: «Бар, әкең жұмыс істейтін жерді көріп кел» деп айтқанымда, ол өте қуанып кетті, — деп айтты Анатолий.

Вероника да өз әсерлерімен бөлісті.
– Маған сварщиктің жұмысын көру ұнады, дәл папам сияқты. Сондай-ақ, потолок астында жүріп тұрған кран мен кішкентай бөлшектер ұнады, олар үлкен крандарға айналды.
Викторинада қыз бала экскурсия барысында есінде қалған мамандықтарды сенімді түрде атап шықты: сварщик, токарь, кран машинисті, бояушы, фрезеровщик.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай кездесулер тек отбасыларды жақындастырып қана қоймай, жас ұрпақтың еңбекке, инженерлік мамандықтарға және еліміздің өнеркәсібінің маңызды элементтерін жасап жатқан адамдарға деген құрметін қалыптастыруға көмектеседі. Балалар үшін бұл жерде ата-аналары жұмыс істейді деген мақтаныш сезімі ғана болса да, бұл әсерлер болашақта ERG Service компаниясының технологтары, конструкторлары мен шеберлері болуға алғашқы қадам болар.
Жарнамалық материал