Көптен күткен концерт: Павлодарда Ertis Promenade маусымы қашан жабылады?
Ұйымдастырушылар шақырылған әртістермен келісімге келіп, концерттің жаңа күнін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Ertis Promenade-тың 2026 жылғы маусымын жабу концерті 9 қазанда сағат 19:00-де өтеді.
– Осы уақыт бойы шақырылған жұлдыздармен келіссөздер жүргізіп, ортақ келісімге келдік. 9 қазанда қаланың басты сахнасында көптен күткен маусымның жабылуы өтеді, – деп хабарлады қала әкімдігінде.
Кештің хедлайнерлері – Мирас Жүгінісов, DARICORN, Рахман Сати және Әмре. Арнайы қонақтар ретінде Максим, LYRIQ және JAY SEAN өнер көрсетеді.