Кенжекөл мектебінде күзет жүйесі күшейтіледі

Кенжекөл мектебінде күзет жүйесі күшейтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мектеп вахтерлерінің жұмысы қайта қаралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Кенжекөл мектебі директорының сөзінше, әкімшілік әрекет ету алгоритміне сәйкес әрекет етіп, дереу полиция шақырылғанын түсіндірді. Мектепте мамандандырылған күзет жұмыс істейді, жедел басқару орталығына шығарылған бейнекамералар бар, дабыл түймесі қосылған. Төтенше жағдай кезінде жедел топ шығады, – деді Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.  

Бөлім басшысының айтуынша, мұндай фактілерді болдырмау мақсатында мектеп директорына күзет жүйесін күшейту тапсырылған. Сондай-ақ мектеп аумағында кезекшілік құру мүмкіндігі мен вахтердің жұмысы қарастырылып, кезекші әкімшілердің жұмысы күшейтіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Кенжекөлде мас ер адам бірінші сыныптің екі оқушысын алып кетуге тырысқан.  Жергілікті пабликтерде қыздың анасының бейнеөтініші таралды. Ол облыс әкіміне және білім беру басқармасының басшылығына балалардың қауіпсіздігі үшін мектепте күзет қоюды сұрады.

Облыстық полиция департаментінде аталған факті тіркелгенін хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Ол 34 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша Павлодар қаласы полиция басқармасы тексеру жүргізуде.