Мамырда Павлодар облысының тұрғындары қатарынан үш күн демалады
Сенбілердің бірі жұмыс күніне айналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы демалыс күнтізбесін түзетуге шешім қабылдады. Бұйрық ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
4 мамыр – сенбі жұмыс күні, ал 8 мамыр – сәрсенбі демалыс күні болады. Осылайша, павлодарлықтар үш күн қатарынан – 7, 8 және 9 мамырда демалады.
Естеріңізге сала кетейік, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 5, 11, 12, 18, 19, 25, 26 мамыр күндері демалыс болады.