Мамырдың алғашқы күні Павлодар облысында күн ашық болады
Күндіз ауа температурасы +31°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +5...+10°C шамасында болады. Ауа райы көбіне ашық, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағанасы +26...+31°C дейін көтеріледі. Аспан ашық, жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер желдің екпіні секундына 9-14 метр шамасында болатынын, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді.
Ал Павлодар қаласында түнде +8...+10°C, күндіз +27...+29°C. Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 метр болады.