Усолка шағын ауданында балабақшалар мен стоматология ыстық сусыз қалды

Усолка шағын ауданында  балабақшалар мен стоматология ыстық сусыз қалды

Сағат 17:00-ге дейін ақауды жою жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, зақымдануды жоюға байланысты келесі мекенжайлар бойынша ыстық сумен жабдықтау тоқтатылды:

Майра көшесі, 1, 3, 15, 19, 21, 23, 25, 29, 31, 33, 39, 41, 43, 47, 47/1

Ткачев көшесі,  3, 5, 5/1

Сонымен қатар, Майра көшесі, 3 (Балалар өнер мектебі), Майра көшесі, 47 (тіс емханасы), № 5, 44, 126 балабақшалар, басқа да сегіз нысан бойынша ыстық су өшірілген. 

Қазіргі уақытта мамандар жылу желілеріндегі болған ақауды жоюмен айналысып жатыр.

Фото: куәгерлер ұсынды