Маскүнемдіктен емдеткен: Германия азаматы Павлодар полициясына алғыс айтты
Веннер Татьяна алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын ұлына көмек сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторы Айгүл Сәрсембеноваға телефон арқылы Германия азаматы Веннер Татьяна алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын ұлын емдеуге көмектесуді сұраған.
Полиция майоры Айгүл Сәрсембенова көрсетілген мекенжайға барып, отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, көршілерімен және үйдің басқа тұрғындарымен сұхбаттасқан. Содан кейін ол қажетті құжаттарды жинап, материалды рәсімдеп, тексеру нәтижелері жиналған кезде ер адамды ауруханада ертіп жүріп, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге ресімдеген.
Оның бұл ісіне разы болған Татьяна Веннер жергілікті қоғамда учаскелік полицейге алғыс жариялады.
– Бұл учаскелік тараптың қарқынды жұмысының нәтижесі болды. Мен Германияда тұрамын және жаман әдетке бой алдырған ұлымның денсаулығына үнемі алаңдайтын едім, –Айгүлдеп жазды Татьяна Веннер.
Ұлына уайымдаған ана Алғыс хатында тәртіп сақшысының мәселені шешудегі кәсібилігі үшін ризашылығын білдірді.