Майқайың кентінде құтқарушылардың жұмысы үшін алаң кеңейтіледі
Инженерлік-геологиялық жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қайғылы оқиға орнында «Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорны құтқарушылардың жұмысы үшін алаңды кеңейту бойынша инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізуде. Ол үшін бағаналы жол ұлғайтылып, борттар кеңейтілді, аппарель бұрышы 15° дейін төмендетілді, бүйірлік түсуді кеңейтті және тереңдетті, сондай-ақ тау-кен массасы әкетілді. Қазірдің өзінде 138 мың тоннадан астам топырақ пен тау массасы шығарылды.
Облыстық ТЖД барлық жұмылдырылған күштері мен құралдары оқиға орнында күту режимінде тұр.