Майқайың–Екібастұз автожолында жүк көлігінің дөңгелегінен өрт шықты

Майқайың–Екібастұз автожолында жүк көлігінің дөңгелегінен өрт шықты
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Өрт сөндірушілер Майқайың–Екібастұз автожолында жүк көлігінің өртенуін жедел түрде жойды. Автокөліктің өртенуі туралы хабарлама 101 пультіне келіп түсті. Өрт сөндірушілер дереу КамАЗ тіркеуінің жанған дөңгелегін сөндірді, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің автокөлікке таралуына жол берілмеді. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.