Мереке күні Павлодар облысының басым бөлігінде күн ашық болады

Мереке  күні Павлодар облысының басым бөлігінде күн ашық болады

22 наурыз  күні өңірде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

      Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша,еліміздің  аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, ашық және жылы ауа райы болады деп күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төменгі атмосфералық қысым аймағымен бұлтты ауа-райы басым болады, найзағаймен жаңбыр жауады.

Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады. Жауын- шашын күтілмейді.

Ауа температурасы түнде -7…-12, облыстың батысында -15, күндіз  0 …+5 градус болады. Ал батыс бөлігінде -3  градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.